top of page

 БІЗ ЖАЙЛЫ

     Кітапхана 1973 жылы құрылып, жұмыс істей бастаған. Алғашқы кезде аудандық мәдениет бөліміне қарасты, көпшілік кітапханасы болып ашылған. Алғашқы жылдары кітап қоры 9000 болып, 300 оқырманы болған.

     1974 жылы Ақадыр аудандық кітапханасы  мәртебесін алып, оқу  залы, абонемент, кітап сақтау бөлімдері ашылып,  кітапханашылар саны 9-ға жетті. Ал, 1980 жылы аудан  көлеміндегі кітапханалар орталықтандырылып, Ақадыр    ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жұмыс  істей бастады. Қарамағына 43 филиал кіріп, 56 кітапханашы    қызмет жасады. 1997 жылы Ақадыр ауданының таралуына  байланысты Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар  жүйесіне қарасты Ақадыр ауылдық кітапханасы болып құрылды.

1998 жылы шілде айында Ақадыр кенттік кітапханасына  дауылпаз ақын С.Сейфуллин есімі берілді. 2003-2005 жылғы ауылды дамыту бағдарламасы аясында сол кездегі Қарағанды облысының әкімі К.Мұхамеджановтың әкімімен 2004 жылдың 28 желтоқсанынан бастап жаңа үлгідегі  кітапхана статусын алды. Кітапхана қазіргі уақыт талаптарына сай техникамен, оның ішінде дербес компьютермен, принтермен, сканермен, интернетпен қамтамасыз етілді. Оқырмандарға ақпаратты электронды түрде алуға мүмкіндік жасалды.

     Алимжанова Лена Рамазанқызы. 1987-1991 жылдары Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 1995-97 жылдары Ақадыр аудандық кітапханасының оқу залында, 2004-2007 жылдары Ақадыр ауылдық балалар кітапханасында, 2007-2013 жылдары Ақадыр ауылдық көпшілік кітапханасының оқу залында кітапханашы, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап кітапхана меңгерушісі болып жұмыс жасаған. 2017 жылдың қазан айынан бастап жұмысының ауысуына байланысты жұмыстан босатылды. Орнына Қалижан Нұршат кітапхана меңгеруші болды.

Кітапхана меңгерушісі – Қалижан Нұршат 1992 жылы туылған. 2015  жылдан Ақадыр ауылдық       С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі кітапхананың оқу залында кітапханашы болып жұмыс істеген. 2015 - 2017 жылдар аралығы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша сырттай оқыған.

     Кітапхана  Тәуелсіз Қазақстан көшесі,  №2 үйде жеке ғимараттың 1-ші қабатында балалар кітапханасымен бірге орналасқан. Жалпы алаңы – 361,4 шаршы метр. Пешпен жылытылады. 2012 жылы  ғимараттың ішіне және сыртына, төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жићаздар алынды. Жылыту қазандығы ауыстырылып, су құбыры кіргізілді.

Мерзімді басылымдар саны - 41, оның ішінде «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Қазақ», «Халық сөзі», «Орталық Қазақстан», «Шет шұғыласы», «Қазақстан Заман», «Новый вестник», «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Алтын босаға»,  «Жұлдыз», «Жұлдыздар отбасы», «Денсаулық», «Қазақстан әйелдері», «Парасат», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Жалын» және  тағы басқа да газет, журналдар үлкен сұранысқа ие.

     Қазіргі таңда кітапхана қоры  21389 дана кітапты құрайды. Оның  9011 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 1900 оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап берілімі 38000 дана.

Кітапханада 3 компьютер, 2 лазерлік принтер, 1 ксерокс, 1 телефон нүктесі бар. 2005 жылдан бастап интернет жүйесіне қосылған. 2012 жылдың қараша айынан бастап кітапханада РАБИС бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

Абонемент бөлімі көркем әдебиет пен саяси-танымдық басылымдардың бай қорын түрлі жастағы пайдаланушыларға ұсынады. Бөлімнің оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, зейнеткерлер, студенттер, оқушылар, жұмысшылар  т.б.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы – Якубова Галина Мартыновна. Еңбек өтілі –29 жыл. 1990-92 жылдары Қарағанды мәдени-ағарту училищесінің «кітапханатану» мамандығы, 2002-2007 жылдары Қарағанды Мемлекеттік университетінің «филология» мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылдан бастап Ақадыр аудандық кітапханасында, 1997 жылдан Ақадыр ауданының таралуына байланысты Ақадыр ауылдық көпшілік кітапханасының абонемент бөлімінде кітапханашы.

     Оқу залы оқырмандарды кітапхана көлемінде баспасөз шығармалары және басқа да құжаттармен қамтамасыз етіп, жыл сайын 40-қа жуық аталымнан тұратын газет-журналдарды жаздырып алады. Бұл жерде мұғалімдердің, оқушылардың сабаққа дайындалуларына, оқырмандарға жаңа әдебиеттермен, күнделікті мерзімді басылым беттеріндегі ақпараттармен танысуларына болады. Оқу залының қоры анықтамалық әдебиеттерден тұрады. Олар негізінен сөздіктер, анықтамалықтар, әр жақты және салалық энциклопедиялар, библиографиялық басылымдар, мерзімді басылымдар.

     Кітапхана рухани – тарихи байлықтың көзі ретінде оқырмандарын өз өлкесін білуге, сүюге баулу мақсатында 2011 жылы  жеке «Өлкетану»  бөлімін ашып,   аудан, облыс көлемі бойынша атағы шыққан, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сазгерлер туралы   басылымдарды, ақпараттарды жинақтауда. Қазіргі таңда кітап қоры – 480 дана. Жерлес, дауылпаз ақын С. Сейфуллинге арналған, жерлес жазушы Өмір Кәріпке арналған тұрақты кітап көрмелері, жергілікті ақын, сазгерлерге арналған тақырыптық сөрелер, тақырыптық папкалар ұйымдастырылған.  Жергілікті ақын-жазушылардың, атақты адамдардың мерейтойларына орай іс-шаралар өткізіліп тұрады.

    Кітапхана қызметкерлері кенттік мерекелерге, жарыстарға атсалыса қатысады. Кітапханада әдеби кештер, кездесулер, жарыстар, викториналар ұйымдастырылып өткізіледі. Кітапхананың қоғамда белсенділігін көтеру, кітапты халық арасында құрметін арттыру мақсатында кітапхананың жұмысы туралы ақпараттар, жергілікті баспа беттеріне шығып отырады. Оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада жаңа технологияны қолдану септігін тигізеді (ксерокопия, электрондық каталог, интернет т.б). 
     Кітапханада «Жұлдыз» атты әдеби бірлестік жұмыс істейді. Әдеби бірлестіктің мақсаты  - облысымыздың ақын, жазушыларын, жалпы өнер сүйер қауымның басын біріктіріп, оларды  кітапхана оқырмандарына жан-жақты таныстыру, сондай-ақ осы өлкенің  өткені мен бүгінін, ардақты ұл-қыздарын, еңбеккерлері мен ардагерлерін, олардың таңғажайып ерліктерін насихаттау.

Қалижан Нұршат
КІТАПХАНА МЕНГЕРУШІСІ

     Қалижан Нұршат 1992 жылы туылған. 2015  жылдан Ақадыр ауылдық С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі кітапхананың оқу залында кітапханашы болып жұмыс істеген. 2015 - 2017 жылдар аралығы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша сырттай оқыған.

Қуаныш Жаңылған
КІТАПХАНАШЫ

       Оқу залының кітапханашысы - Қуаныш Жаңылған. Еңбек өтілі – 5 жыл. 2004- 2006  жылдары Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде  «кітапханатану және библиграфия» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан  Ақадыр ауылдық С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі кітапхананың оқу залында  кітапханашы.

Қуаныш Жаңылған кітапхананың  іс- шараларын жоғарғы деңгейде  ұйымдастырып,    оқырмандардың  жеке  сұраныстарын  қанағаттандыруда өзінің  біліктілігін  көрсете    біледі.  Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.

Якубова Галина Мартыновна КІТАПХАНАШЫ

      Абонемент бөлімінің кітапханашысы – Якубова Галина Мартыновна. Еңбек өтілі – 26  жыл. 1990-92 жылдары Қарағанды мәдени-ағарту училищесінің «кітапханатану»  мамандығы, 2002-2007 жылдары Қарағанды Мемлекеттік университетінің  «филология» мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылдан бастап Ақадыр аудандық  кітапханасында,1997 жылдан Ақадыр ауданының таралуына байланысты Ақадыр  ауылдық көпшілік кітапханасының абонемент бөлімінде кітапханашы.

Галина Мартыновна кітапхананың  іс- шараларын жоғарғы деңгейде  ұйымдастырып,  оқырмандардың  жеке  сұраныстарын  қанағаттандыруда өзінің  біліктілігін  көрсете    біледі.  2008 жылы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Үздік кітапханашы»  номинациясының иегері, Қарағандының   Н. Гоголь атындағы облыстық ғылыми  әмбебап кітапханасының  өткізген  «Қазақшаңыз қалай ?»атты облыстық байқауға  қатысып, « Алғыс хатпен » марапатталған. Аудан әкімінің бірнеше «Құрмет  грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.

bottom of page