22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
- Akadyr kitaphana
- 18 нояб. 2019 г.
- 1 мин. чтения


Наурыз «Жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – ата – баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.
Осы мереке қарсаңында Ақадыр кентік С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі модульдік кітапхана және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 18 күні «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс- шара өткізілді.
Кітапхананың оқу залында «Наурыз – той», ал кіреберісінде «Әз, Наурыз құтты болсын!» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ортаға үстелдердің үстінде бауырсақ, шелпек, наурыз көже, сусын, талқан, ірімшік тағы сол сияқты қазақтың ұлттық тағамдары қойылып, қонақтарға ұсынылды.
Кешке С. Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстаздары және Ә. Ермеков атындағы орта мектебімен Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Жүргізушілер кітапханашылар Қуаныш Ж. және Қалижан Н.: Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанибет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған, - деп кешті бастады. Кеш барысында мектеп оқушылары Қалижан Н., Амирханова А., Өмірзақ Н., Қуатова А., Қапасова А., Бауыржан А. наурыз туралы мағлұматтар айтып, өлеңдер оқыды. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Б. Мукашеваға және көркем сурет мұғалімі М. Бексеитовнаға құттықтау сөздері берілді. Мерекелік кеш көңілді өтті.
Недавние посты
Смотреть всеТұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...
6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...