top of page

"Ахмет Байтұрсынов - халық ұстазы"

  • Фото автора: Akadyr kitaphana
    Akadyr kitaphana
  • 25 авг. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

9 маусым күні Сәкен Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі кiтапхананың ұйымдастыруымен офлайн форматта "Ахмет Байтұрсынов - халық ұстазы" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқау шымылдығын "Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ - нiң директоры М.С. Нурпеисова ашып, байқауға қатысушы оқырмандарға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Байқауға аудандық кiтапхананың Бұрма ауылдық кiтапханасының және С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі кiтапханасының окырмандары қатысты. Эссе байқауының барысында "Ұлт ұстазы" атты кітап көрмесі таныстырылып, экраннан Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқыш"атты кітабына буктрейлер көрсетiлдi. Шара соңында "Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ - нiң директоры М.С. Нурпеисова эссе байқауында жеңіс тұғырынан көрінген оқырмандарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Байқауды Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени - сауық орталығының қызметкерлері ән шашумен қорытындылады. Эссе байқауы жоғарғы деңгейде өтті.



 
 
 

Comments


Тандамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Поиск по тегам
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square

 Сайт создан 02.11.2017

bottom of page