top of page
Поиск

Қайсар рухты ақын

  • Фото автора: Akadyr kitaphana
    Akadyr kitaphana
  • 25 авг. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов биыл 80 жасқа толды.1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шаханов дүниеге келген болатын. Ол көпшілікке тілі жатық, қисыны тастай, ойы шымыр өлеңдерімен ғана емес, шешуші сәттерде батыл әрекет ететін тәуекелшіл мінезімен де танымал. Жұрт арасында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын ашуға түрткі болған адам осы Мұхтар Шаханов. Мәскеу төрінде Желтоқсан шындығының ашылуын талап етіп сөз сөйлеп, кейін оқиғаны тергеу комиссиясында жетекшілік еткен Мұхтар Шаханов болатын.

Тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің жанашыры, діл майданының сардары ретінде репутация қалыптастырған ақын Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Қазақ әдебиетіндегі Мұхтар есімін арқалаған үш алыптың бірі саналатын ақын ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарды.Кез келген буынның өкілі өлеңдерін жатқа оқитын Мұқағалидан кейінгі танымал ақын да осы Мұхтар Шаханов деуге болады. Әсіресе, «Отырардың күйреуі», «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты», «Еркектер жыры», «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме», «Арман», «Шың басындағы оқиға, «Достық өлкесінің заңы», «Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап», «ТЖ-лар», «Төрт ана», «Космополит қазақтар» сияқты өлең-дастандары ел аузынан түспей келеді.Биыл оның әдебиетке, ұлт руханиятына, түркі ынтымағына сіңірген еңбегі ескеріліп, Ұлытау төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді. Қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шахановтың шығармашылық тандемі бірнеше буынның сүйікті репертуарына айналған өміршең әндерді жарыққа шығарды.

Ал «Арал қасіреті» әні өткен ғасырдан бері қазақтың басты экологиялық проблемасы болып келе жатқан Арал трагедиясының мұңды гимніне айналды. Ақын рухани ортаға Шыңғыс ханның тарихи рөлі мен тарихи тұлғасына қатысты дау-жанжалдармен де танымал.

"Қайсар рухты ақын" Мұхтар Шаханов - 80 жыл буктрейлер!!!

https://www.instagram.com/tv/Cfk3jm-jtWu/?utm_source=ig_web_copy_link

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
Асқақта елім, ата заң аясында

Тұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...

 
 
 
Астана Тәуелсіздік -түндігі

6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...

 
 
 

Comments


Тандамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Поиск по тегам
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square

 Сайт создан 02.11.2017

bottom of page