Біз нашақорлыққа қарсымыз
- Akadyr kitaphana
- 19 нояб. 2019 г.
- 1 мин. чтения
Қаңтар айының 25 жұлдызында С.Сейфуллин атындағы кітапханамен Ш.Бейсекқызы атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Біз нашақорлыққа қарсымыз атты»акция өткізілді.Акция Мәдениет үйінде өтті.Шараға «Иса Молла»атындағы мешіттің бас имамы Кешубай Азамат,полиция капитаны Қасым Бауыржан,Ә.Ермеков,М.Маметова және Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейдің 9-10 сынып оқушылары,жергілікті емхананың медбибісі Айгаринова Гульфайруз қатысты. «Дені сау жастар-салауатты қоғам негізі» атты кітап көрмесі қойылды.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол - әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу. Ал зиянды әрекет дегеніміз: қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД ауруы.
Акцияны бас имам Кешубай Азамат өзінің тәрбиелік мағынасы бар сөзімен бастады.Үш мектептің оқушылары «Ғасыр індеті» атты шағын спектальдерін көрсетіп,көрермендерді бей-жәй





14 қалдырмады,көңілдерге жол тапты.Полиция капитаны Қасым Бауыржан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тәрбие жұмысын слайд арқылы көрсетілді. Акцияға қатысқан сыныптар өлең де оқып, «Нашақорлық – ол бақытсыздық», «Есірткісіз өмір сүрейік!», «Саламатты өмір салты – жарқын болашақ», «Саламатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – нашақорлық» тақырыптарында жалынды сөздерді бәрі бірге айтып, акцияға өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, «Есірткісіз өмір сүрейік!» тақырыбындағы қабырға газеттері мен «Ауыл айшықтары» деген фотогалерея да көптің көңілінде ерекше әсер қалдырды.
Недавние посты
Смотреть всеТұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...
6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...