Ұлы Даланың жеті қыры
- Akadyr kitaphana
- 19 нояб. 2019 г.
- 1 мин. чтения
Отанды сүю – отбасынан десек, туған жерімізден шыққан тұғырлы тұлғалар есімін ардақтау – елдіктің белгісі. Өлкенің өткені мен бүгінін, ардақты ұл-қыздарын, еңбеккерлері мен ардагерлерін , тумысы бөлек тұлғаларының өнегелі өмір жолдарын ұрпақтарына ұлағат ету, олардың таңғажайып ерліктерін насихаттау.
Еліміздің елдігі, жұртымыздың теңдігі үшін үлес қосқан бабаларымыз бен күрескер азаматтарымыз , өлкеміздің ерекшеліктері туралы м Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты туындысы бойынша «Ұлттық тарихты тану» атты әдеби танымды кеш өтті.Бұл шараның ұйымдастырылып отырған басты мақсаты:ұлттық тарихты тану,жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдау,қазақи ұлттық құндылықтарымызды сақтау,болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру.
Алғашқы сөз кезегі белгілі жазушы Өмір Кәріпұлына берілді.
М.Маметова мектептің оқушылары «Қазақстан-Алма мен қызғалдақтың отаны» атты тақырыпты ашты.
Дәстүрлі әнші Совет Әділет «Майдақоныр»әнің орындады.
Жылқы малының қыры мен сырын жете меңгерген,белгілі атбегі,баптаған аттары бәйгі аламанында шашасына шаң жұқтырмай жүрген Макишев Бауыржан ағамыз атқа міну мәдениеті жайлы айтып берді.
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып,әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық-1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған,өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон»деген атқа ие болған «Алтын адам»жайында сөзді Ю.АЮГагарин атындағы оқушылар баяндап берді.
Келесі сөз кезегі Айзада Рыспековаға берілді,ол кісінің орындауында халық әні «Ақ дариға» тыңдалды.
«Дала фольклоры мен музыкасының мын жылы жайында»-сөз мәдениет қызметкері Қарлығаш Мұхамеджанқызы Омароваға берілді.
Сонымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған әдеби кеш аяқталды.Кешке ат салысып қатысқандарға ризашылығың білдірді кітапхана ұжымы.










Недавние посты
Смотреть всеТұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...
6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...