Қазақтың дана Қадыры атты оқулары
- Akadyr kitaphana
- 24 янв. 2020 г.
- 1 мин. чтения


21 қаңтар күні С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі кітапхананың оқу залында «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби кеш өткізілді. Сонымен қатар «Қадір Мырза- Әли қазақ поэзиясының пырағы» атты кітап көрмесі қойылды. Кешке Ә.Ермеков атындағы мектеп оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Жүргізушілер Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақсан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, ақын, жазушы, публицист,сыншы, драматург Қадыр Мырзалиев туралы мағұлмат беріп, кітап көмемен таныстырды. Ә.Ермеков атындағы 8- сынып оқушысы Бауыржан Айгерім ақынның өмір баянына қысқаша тоқталып, басқа оқушылар өлеңдерін мәнерлеп айтты. Ақының шығармаларына қатысты сұрақтар қойылып жауаптары берілді. Кітапхана меңгерушісі Б.Мукашева кешке қатысқан оқушыларға, қонақтарға алғысын білдірді. Кеш өте әсерлі өтті.
Недавние посты
Смотреть всеТұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...
6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...