Абай Құнанбаев - 175 жыл
- Akadyr kitaphana
- 7 февр. 2020 г.
- 1 мин. чтения
6.02.2020 жылы ақын,ағартушы,қазақ жазба әдебиетінің,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ,композитор,аудармашы,саяси қайраткер Абай(Ибраһим)Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Сәкен Сейфуллин атындағы кенттік кітапханасында «Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар ұйымдастырылды.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып,аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма,ойландаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,-деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де,жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді,мәңгі өмір сүре бермек!
Кітапхананың кіре берісінде «Кемел ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесі қойылып.Әдеби бульварға өнер мектебінің ұстаздары мен кітапхана оқырмандары қатысты.Абайдың өлеңдері жатқа айтылып,күйлері орындалды.Кітапханашылар Абай Құнанбаевқа арналған көрмелерге библиографиялық шолу жасады.



Comments