top of page
Поиск

Жұмағали Саин 1912 жылы .

  • Фото автора: Akadyr kitaphana
    Akadyr kitaphana
  • 10 февр. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

Көкшетау облысының Арықбалық ауданында (бұрынғыша: Ақмола губерниясы, Көкшетау уезі, Жыланды болысында «Баян» көлінің жағасында) Сая Тілеубердіұлының семьясында туады. Сая Тілеуберді ұлы кедей болғанымен, өзін қадірлей білетін, ауыл үстемдеріне бас ие қоймайтын тәкаппарлау адам екен. Саяның өлеңшілікке, домбыраға үйірлігі болған. Жұмағали төртке келгенде шешесі Бәдігүл, беске шыққанда әкесі Сая қайтыс болып, жас бала әкесінің інісі Сыздықтың қолында тәрбиеленеді. Бұдан кейін біраз жыл бойы Жұмағали үшін жетімдік, мұқтаждық, әркімнің қабағына қарап жаутаңдайтын өмір басталады.

Жеті жылдық мектепті бітірген соң, бірнеше жыл ауылда сауатсыздықты жою ісіне араласқан. 1930 жыл Мәскеудегі «Цветметзолото» институтында, 1930 — 1932 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің әдебиет және өнер бөлімін басқарды. Қазақстан Жазушылар одағында жас жазушылар секциясының меңгерушісі, "Көркем әдебиет" баспасында директор болып істеген. 1941 — 1944 жж. арасында Ұлы Отан соғысы майданында болып, Украинада партизандар отрядын басқарған. Отан қорғау жолында көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін медальдармен марапатталған.

1944—1947 жж. Қазақ мемлекеттік филармониясы халық шығармашылығы үйінің директоры, 1950—1957 жж. «Жаңа өмір», «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960— 1961 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады. 1944 жылы «Жорық жылдары» атты өлеңдер жинағы басылады.

Өлеңдері Орталық баспада және Украина журналдарында да жарияланған, жеке кітап боп басылған.

Осы сілтеме арқылы толық көре аласыздар:https://www.instagram.com/p/CZ0wJBIlxqs/?utm_source=ig_web_copy_link

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
Асқақта елім, ата заң аясында

Тұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...

 
 
 
Астана Тәуелсіздік -түндігі

6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...

 
 
 

Comentarios


Тандамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Поиск по тегам
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square

 Сайт создан 02.11.2017

bottom of page