Марфуға Айтқожина 85 жыл.
- Akadyr kitaphana
- 20 окт. 2021 г.
- 2 мин. чтения
"Шалқыған шабыт иесі"атты өмірі мен шығармашылығына библиографиялық шолу.
Марфуға Айтқожина 1936 жылы 25 тамызда Қытай Халық Республикасының, Шыңжаң өлкесіндегі Құлжа қаласында дүниеге келген. 1956 жылы Құлжа әйелдер педагогикалық гимназиясын бітіріп, содан кейін онда оқытушы болып жұмыс істеді. Ал 1958 жылы отбасымен бірге КСРО-ға көшіп келді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, ал 1971 жылы – Мәскеудегі Жоғары әдебиет курстарын бітірді. 1961 жылдан 1969 жылға дейін «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде қызмет етті.
Қазақтың ақын қызы шет жақта өмірге келгенімен Қазақстан оның ата-жұрты. Атасы Айтқожа суырып салма ақын, топ жарған шешен, 14 жасынан билік айтқан би болған. Кейін қажыға да барған. Тіпті, оны құрметтеген халық Қапал Арасынды Айтқожа арасан, Айтқожа жайлауы деп атап кеткен. Қазақтың ақын қызының түр-сыпаты да атасына тарқан көрінеді. Ол ұзын бойлы, өңі ақ, сақал-шашы күмістей ағарған, көзі сәл көгілдірлеу кісі болған.
Халық Марфуға апайымызды жыр аққуы десе, бауырлары, жақындары Біраға деп атайды екен, ал ақын анамыздың шын есімі Маруа. Қажы атасы Меккеге барған кезде Маруа деген тауды көрген екен. Сонда қарт Айтқожа өмірге қыз бала келсе атын Маруа қойыңдар деп ырымдап, айтып кетіпті. Тіпті, әкесі де Марфуға апайымыздың бала кезіндегі суретінің артына Маруа-Марфуға деп жазып қойған екен. Бұл Құранда биіктік, көтеріңкі шың деген мағынада көрсетілген.
Бала күнінде ата-анасы Мәрпетай деп еркелеткендіктен, бүкіл ауыл да солай атап кеткен екен. Ал, іні-бауырларының бәрі Кіші аға деп атап кетіпті. Оның себебі, кезінде Марфуға ақынның әкесі ел ағасы болғандықтан, оны паналап келгендер көп болыпты. Сол жан-жақтан жиналған адамдар бір отбасы секілді ұйымшыл болып, ауыл құрған екен. Сонда Марфуға Айтқожина бір ауылда алғаш дүние келген бала болыпты. Сөйтіп ата-анасы болашақ ақын қызды ұл бала секілді киіндіріп, 3 жасынан атқа мінгізіп, әлпештеп алдарына алып жүрген екен. Өстіп, ұл бала секілді өскен қазақтың ақын қызын ауылдастарының, бауырларының Кіші аға деп атап кеткені де содан.
Содан да болар Марфуға апайыыз 20 жасқа келгенше аттың үстінде өскен.
Осы сілтеме арқылы толық көре аласыздар:
https://www.instagram.com/tv/CVSUrZNF1bN/?utm_source=ig_web_copy_link
Недавние посты
Смотреть всеТұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...
6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...
Commentaires