Тарихқа тағзым
- Akadyr kitaphana
- 18 мар. 2021 г.
- 2 мин. чтения
Тарихқа тағзым*Қазақ хандарының барлығы Шыңғыс ханның ұрпақтары, яғни Шыңғыс хан әулетіне жатады. Қазақ Хандығы өз заманындағы ең қуатты елдерінің бірі болатын. Қасым хан тұсында Қазақ әскерінде жауынгерлер саны 300 мыңға жетті, ал Есім хан тұсында олардың саны 400 мыңнан асты. Осы хандар тек саясатпен ғана емес, соғыс ісімен, заңнамамен де айналысқан.
Қасым хан дәуірінде "Қасқа жол", Есім хан тұсында "Ескі жол" және Тәуке хан заманында "Жеті жарғы" атты заңдар жинақтары жарық көрді.
Қазақ хандарының резиденциялары әртүрлі замандарда әртүрлі жерлерде болды. Қасым хан тұсында резиденция жуырда жаулап алынған Сарайшық қаласында болды. 1599 жылы Есім хан резиденцияны Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Үлкен Ақсарай және Кіші Ақсарай атты бөлмелеріне көшірді. Сол кесенеде бірнеше қазақ хандары жерленді. Ал Есім ханның өзінде Түркістан қаласында жеке кесенесі бар. Қасым ханда Сарайшықтағы кесенесі бар.
Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.
Орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол — татар — қазақ шежірелерінде Алаш (Алашы) хан туралы айтылады.
Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі — мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі — үнемі шала құрсақ болып жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады (қ. Ашығу). А. жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемл-тердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті А-тарға жиі ұшырап тұрған.
Шабуыл жасаспау туралы 1939 жылдың 23 тамызындағы Кеңес Одағымен жасалған келісіміне қарамастан, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ асты басып кірді
Толығырақ осыдан көре аласыздар:
https://www.instagram.com/tv/CMjFMCkJ9qh/?utm_source=ig_web_copy_link
Недавние посты
Смотреть всеТұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...
6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...
Comments