Шежіре күні
- Akadyr kitaphana
- 11 окт. 2021 г.
- 1 мин. чтения
Обновлено: 20 окт. 2021 г.
Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі.Қазақ халқында ата шежіресі ерте кезден бар. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер жеті рулы елдің қамын жер, жалғыз өзін білген ұл, құлағымен жағын жер» деген аталы сөздер соның айғағы. Ал жеті атада үлкен сыр бар. Әр ұрпақ 25 жастан десек, ол 175 жыл. Бұл болса, бір адамның жеке басының тағдыры арқылы оның құл емес екенін, ата тегін, өз ортасының белді мүшесі екенін, он алты жаста ордаға енер, жау ортасын бұзып-жарып кірер адамзат екендігін байқататын фактор.
Шежіре арқылы оның тегі, ата қонысы, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адами құқы, т.б. болмыс білінетін болған. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категориялар — айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары. Бұл болса тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.
Қазақ үш жұртынан тұрады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Шежіре де осы үш жұрттың динамикасын көрсетіп, соның нәтижесінде барша халықтану қалыптасары даусыз.
Сіз өз шежіреңізді білесіз ба?
Толығырақ мына сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://www.instagram.com/tv/CMjE47vJZT-/?utm_source=ig_web_copy_link
Недавние посты
Смотреть всеТұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын,деп бүгін С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі...
6 - Шiлде Астана күні кұтты болсын.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан...
Komentarze