top of page

Қымызмұрындық

  • Фото автора: Akadyr kitaphana
    Akadyr kitaphana
  • 20 мар. 2021 г.
  • 1 мин. чтения


Ұлттық салт-дәстүріміздің ішінде халық санасынан мүлдем ұмытылып, тойланбай келе жатқан жалпы қазақ мейрамдарының бірі – қымызмұрындық.

Қымызмұрындық дегеніміз – ел жайлауға шыққанда жазғытұрым аталып өтетін – қымыз тойы. Қазақ жерінде қымызмұрындық әртүрлі аталады. Жетісу, Батыс Қазақстанда қымызмұрындық, Сарыарқада биемұрындық, Шыңжаңда биебау, Моңғолияда бие байлар, т.с.с., бірақ бәрінің мағынасы бір.

Ертеде қазақ бие құлындағанын зарығып күтеді екен, содан қалған сөз «Құлын ерді ме, енді аурудан айығамыз», – деп қуаныштары қойындарына сыймаған.

Қытымыр қыстан жүдеп-жадап шыққан көшпенді ел жаз жайлауға шығып жадырап, сағынған сүйікті сусынын, бүкіл халық болып ішіп, нағыз мейрамға айналдыратын. Қымызмұрындық ұлттық сипаты жағынан Наурыз мерекесі мен Құрбан айттан бірде-бір кем түспейді.

Биенің сүті сары бал –

Қымыздан асқан дәм бар ма?!

Желіде құлын жусаса,

Кермеде тұлпар бусанса,

Сәні келер ұйқының.

Жылқы қолдан тайған соң,

Қызығы кетер күлкінің.

(Ақтамберді)

Толығырақ мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.instagram.com/tv/CMozj3hJ8bG/?utm_source=ig_web_copy_link

 
 
 

Comments


Тандамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Поиск по тегам
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square

 Сайт создан 02.11.2017

bottom of page